Димашпен
бірге Қазақстан арқылы
SHARE
Біз қуанышқа толы ұмытылмас сәттерді бірге өткізуге қуаныштымыз!
Кіріспе
” Димашпен бірге Қазақстан арқылы „ – бұл Dimash Qudaibergen (DQ) жанкүйерлері үшін тегін жүктеп алып, өз бетінше басып шығаруға арналған үстел ойыны. Барлық файлдар егжей-тегжейлі сипатталған. Алдымен үй жағдайында басып шығаруға қатысты ұсыныстармен („Қалай басып шығаруға болады?”) танысу ұсынылады.
Тамаша ойын тілейміз!
Авторлар
Copyright ©:
Сильвия Шайтер-Зиулек, Магдалена Холда, Катажина Стшелиньска.
© Сурет авторы : Сильвия Шайтер-Зиулек
© Фотосурет авторлары : Роза Дира, Ханна Сиерняк
© Ойын тақтасының авторы : Кшиштоф Зиулек
Copyright ©: Аударма:
© Қазақ тілі: Нұрәлі Омарқұл, Нұрхан Әбішев
© Испан тілі: Майкл Зиулек
© Ағылшын тілі: Майкл Зиулек
© Орыс тілі: Агнешка Чодковска-Дюрич
Ойын сипаттамасы
«Димашпен бірге Қазақстан арқылы» – бұл ойыншыларды әнші Димаш Құдайбергеннің отанындағы саяхатқа жетелейтін стратегиялық үстел ойыны.
Қазақстан – бай тарихи дәстүрлері бар, табиғи ғана емес, этникалық, мәдени және діни тұрғыдан да алуан түрлі әсем ел. Бұл әртүрлілік көптеген туристік орындарда көрініс табады, ол ежелгі дәуірден бастап ХХ ғасырға дейінгі ескерткіштерді қамтиды.
Ойын сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен тұлғасына жақын танысуға мүмкіндік береді.
Ойыншылар белгілі бір бағыт бойынша саяхаттап, туристік орындарды аралап, мүмкіндігінше көп ұпай жинап, мәреге бірінші болып жетуі керек. Жеңімпаз Астанадағы гипотетикалық концертке және Димашпен кездесудің екі нұсқасына ие болады 😊
Ойын 2-6 адамға арналған.
Ойынға қажет заттар:
( A3 көлеміндегі ойын тақтасы-Сұрақтар жинағы-Жауаптар жинағы-Қалалар мен көрікті жерлердің сипаттамасы-Қызықты мәліметтер тізімі-Әрбір көрікті жерге балама ретінде кубик арқылы алынатын ұпай саны белгіленген тізім-Мүмкіндік пен қауіп карталары-1 дана ойын сүйегі-Ойыншылар санына сәйкес келетін фишкалар (Ойынға фишкаларды басып шығаруға арналған нұсқаулық қоса берілген. Сонымен қатар басқа ойындардан алынған фишкаларды немесе түрлі түсті түймелерді, тастарды пайдалануға болады.)
ОЙЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ:
Ойынды бастамас бұрын барлық қажетті элементтерді дайындаңыз.
Мүмкіндік және қауіп карталарын араластырып, әрбір ойыншыға қолжетімді орынға орналастырыңыз.
Қозғалыс:
Ойыншылар ойынға Ақтөбе қаласынан бастайды. Бастау алаңына кіру үшін ойыншы кубиктен
1 немесе 6 ұпай шығару керек. Осыдан кейін келесі рет кубикті лақтырып, саяхатын бастай алады.
Қалай басып шығаруға болады?
Барлық мәтіндік және графикалық файлдар PDF форматында сақталған және басып шығару параметрлерін өзгертуді қажет етпейді.
Графикалық файлдарда ойын тақтасының екі нұсқасы бар:
- A3 форматындағы баспаға арналған (Тақта_A3)
- Үй жағдайында A4 қағазына екі бөлек басып шығаруға арналған (Тақта_A4_Сол және тақта_A4_Оң)
A4 форматындағы екі бөлікті ортасынан біріктіріп желімдеу қажет. Ойын тақтасын қалың қағазға басып шығару немесе қатты картонға жапсыру ұсынылады.
Маңызды
- „Қалалар мен көрікті жерлердің сипаттамасы„ кітапшасы 5 құжаттан тұрады. Олардың әрқайсысында („Алдыңғы бет” бетінен басқа) 2 баспа беті бар.
- Екі жақты басып шығару ұсынылады!
- Әйтпесе, беттерді біріктіру қиын болады.
- Мүмкіндіктер мен Қауіп карталары (Мүмкіндіктер_карталары A, Мүмкіндіктер_карталары B, Қауіп_карталары A, Қауіп_карталары B)
екі жақты басып шығарылуы тиіс!
Бір жақты басып шығарылған жағдайда, карталар толық болмайды. - Екі беттен тұратын басқа файлдарды екі жақты басып шығаруға болады, бірақ міндетті емес.
файлды жүктеп алу тақтасы
Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлардың рұқсатынсыз туындыны көшіруге, өзгертуге немесе қандай да бір мақсатта, соның ішінде коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
Егер сіз басқа тілге аударғыңыз келсе,
trzymuszkieterki@outlook.com
мекенжайына хабарласыңыз.
Пішінді толтырғаннан
кейін сіз ойынды тегін жүктей аласыз.
Файлдарға сілтеме көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.